ҰҚК ақпаратына сәйкес, 9-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы Атамекен ауылында 1 келі героин сатуға әрекет жасаған жергілікті кәсіпкер, «Канан» ЖШС-нің құрылтайшысы құрықталды.
Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде. Тұтқын ҰҚКД-нің тергеу абақтысына қамалды.