Оңтүстік Қазақстан облысында 1300 гектар далалық алқап өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 1300 гектар далалық алқап өртенді

Оңтүстік Қазақстан облысында 1300 гектар далалық алқап өртенді

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек және Шардара аудандарында 1300 гектар далалық алқап өртенді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Маусым 2005
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бәйдібек ауданының Мыңбұлақ және Қайнарбұлақ ауылдарының жанында мыңдай гектар шөпті алқап өртенді. Өртті жергілікті тұрғындар мен өрт сөндірушілер жабыла сөндірді.

Шардара, Арыс және Отырар аудандарының шекарасындағы өрт осымен үшінші күн жалғасып жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, онда құрғақ шөп пен сексеуіл тұтанған. Өрт 320 гектарды шарпыды. Оны сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 24 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында 40 градустық аптап бірнеше күнге созылу салдарынан жердің шөп қабаты қурап, өрт шығуына себепкер болған.

Перейти к новостям спорта