Жарияланды: 330

Оңтүстік Қазақстан облысында 150-ден астам үйді су алған

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында топан су салдарын жою жұмыстары аяқталды.

«Апатты-құтқару жұмыстары аяқталды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп дүйсенбі күні еліміз ТЖ министрлігі хабарлады. Ведомство деректеріне сүйенсек, өткен сенбі күні Сарыағаш ауданында толассыз жауған нөсер жауын мен қар еріп, салдарынан 48 үй, 119 үйдің ауласы суға кетіп, 2 үй жермен-жексен болған. Атап айтсақ, Жылға ауылында 37 үй мен 108 үйдің ауласы, Тасқұдықта 2 үй мен 2 аула, Қарақалпақ ауылында 9 үй мен 9 аула суға мкетіп. Құлаған екі үй де осы соңғы аталған ауылда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін