Оңтүстік Қазақстан облысында 2003-жылы тіркелген қылмыстар саны 7,8 процентке азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 2003-жылы тіркелген қылмыстар саны 7,8 процентке азайды

Оңтүстік Қазақстан облысында 2003-жылы тіркелген қылмыстар саны 7,8 процентке азайды

Оңтүстік Қазақстан облысында 2003-жылы тіркелген қылмыстар саны 7,8 процентке азайды, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 61,4 процентке азайды. Бұл туралы мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде ортаға салынды.

  • 19 Қаңтар 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Қылмыстарды әшкерелеу көрсеткіші 73,8%-тен 74,3%-ке, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш 73,1%-тен 78,6%-ке артты.

Отырыста сондай-ақ, құқық қорғау мекемелерінің бұзақылық (17,1%-ке), басқаның мүлкін тонау (8,8%-ке), соның ішінде мал ұрлау ( 17,3%-ке), пара беруге мәжбүрлеу ( 21,6%-ке), есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты ( 13,4%-ке) қылмыс түрлерін азайтуға қол жеткізгендігі айтылды.
Бұған қоса ІІББ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі қызметінің мамандары басқа да жедел топтармен бірлесе отырып 2003-жылы 2 кісі өлімі, 13 қарақшылық шабуыл, 56 тонаушылық және заңсыз есірткі айналымына байланысты басқа да қылмыстарға қатысы бар 31 адамнан тұратын 8 ұйымдасқан қылмыстық топты залалсыздандырды.
Сонымен бірге өткен жылы прокурорлар қылмыстық тергеу мекемелерінің азаматтарды заңсыз тұтқындауына қатысты 3 деректің бетін ашты. Ішкі істер органдарының қызмет орындарынан заңсыз қамауға алынған 34 адам босатылды. Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, азаматтардың конституциялық құқығын бұзуға байланысты 21 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде сондай-ақ, прокурордың рұқсатынсыз мүлік тәркілеуге қатысты 7 дерек, заңсыз тінту жүргізуге қатысты 8 дерек әшкереленді.
Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын бұзуға байланысты прокурорлар 7 қылмыстық іс қозғады.
Облыстық прокуратура органдары қылмыстық тергеу мақсатымен 507 қылмыстық іс қозғап, олардың 371-і сотқа жіберілді.
Жалпы алғанда өткен жылы облыстық прокуратура органдары есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайына 1060 тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде жасырылған 168 қылмысты әшкерелеп тіркеуге алды.
Тіркеуге алынған қылмыстардың 158-ін ішкі істер органдарының қызметкерлері, 3-ін ҚР ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық Департаментінің қызметкерлері, 7-ін облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жасырып қалған.
Облыстық прокуратура органдары қылмыстарды жасыруға байланысты қылмыстық тергеу мекемелері қызметкерлерінің үстінен 3 қылмыстық іс қозғады.
Прокуратура органдары тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты істердің арасынан 21 қылмыстың бетін ашты.

Соңғы жаңалықтар