Оңтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы полицияның учаскелік инспекторларының саны 50 процентке артады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы полицияның  учаскелік инспекторларының саны 50 процентке артады

Оңтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы полицияның учаскелік инспекторларының саны 50 процентке артады

Оңтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы полицияның штаттағы учаскелік инспекторларының саны 50 процентке, немесе 250 адамға артады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне полицияның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ордабек Омарбаев хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 510
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен облыста 470 учаскелік инспектор жұмыс істейді.

О.Омарбаевтың атап көрсетуінше, биылдан бастап учаскелік инспектор болып жұмысқа орналасу үшін жоғары немесе орта заңгерлік білімі болу туралы талап міндетті түрде қойылады. Ал аға учаскелік инспектор болу үшін жоғары заңгерлік білімі болуы шарт. Қазір учаскелік инспектор болып істейтін, бірақ тиісті білімі жоқ адамдар алмастырылады деді қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы.
О.Омарбаевтың атап көрсетуінше, жұмысқа ІІМ-нің түрлі бөлімшелерінде үш жылдан астам жұмыс істеген тәжірибелі қызметкерлер ғана қабылданады. Сондай-ақ, барлық учаскелік инспекторлар заңдар мен құқықтық нормативтік актілерді білуге байланысты тест сынағынан өтіп, дене даярлығы мен атыс даярлығын тексертеді.
Учаскелік инспекторлар еңбегі жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатындықтан барлық қала және аудан әкімдеріне учаскелік инспекторларды мекен-жай және басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ету туралы өтініш-хаттар жолданды. Қазір облыс бойынша 179 учаскелік полиция бөлімшесі жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар