Оңтүстік Қазақстан облысында 2005-жыл басынан бері 11 өрт оқиғасы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 2005-жыл басынан бері 11 өрт оқиғасы тіркелді

Оңтүстік Қазақстан облысында 2005-жыл басынан бері 11 өрт оқиғасы тіркелді

Оңтүстік Қазақстан облысында 2005-жыл басынан бері 11 өрт оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің облыстық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2005
  • 389
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің облыстық басқармасының бастығы Асылбек Бекжігітовтың айтуынша, 2004-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 817 өрт оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 50 адам зардап шегіп, 16 адам қаза тапты. Бұған қоса 298 гектар егістік алқаптары, 2,5 мың гектар орманды алқап пен 20 мың гектар далалық аумақтар от құшағына оранды.

2004-жылғы өрттерден келген жалпы шығын көлемі 78 млн. теңге болды. 4 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 917 нысанның жұмысы тоқтатылып, 8 млн. теңгенің айыппұлы салынды.

Перейти к новостям спорта