Оңтүстік Қазақстан облысында 2006-жылы орташа астық түсімі былтырғы көрсеткіштен төмен - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 2006-жылы орташа астық түсімі былтырғы көрсеткіштен төмен

Оңтүстік Қазақстан облысында 2006-жылы орташа астық түсімі былтырғы көрсеткіштен төмен

ШЫМКЕНТ. 9-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында 2006-жылы орташа астық түсімі былтырғы көрсеткіштен төмен. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаментінің бөлім бастығы Сәрсенбек Мырзаев хабарлады.

  • 9 Тамыз 2006
  • 359
Фото - Caravan.kz



Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен 245 мың тоннадан астам масақты дақылдар жиналды. Түсім 193 мың гектардан жиналды. Бұл жалпы дәнді дақылдарға арналған алқаптардың 91,6 процентіне тең. Орташа түсім бір гектардан 12,6 центнер болды.

Облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметіне сәйкес, былтыр орташа түсім бір гектардан 14,5 центнерді құраған. Жалпы егіс алқабы 212 мың гектарға жетті. Жалпы алғанда 2005-жылы 305 мың тонна масақты дақыл орылды.

С.Мырзаевтың айтуынша, биылғы түсімнің аздығы ауа райына байланысты. Мәселен, барлық себілген тұқымның үштен төрт бөлігінен астамын құрайтын қыстық дақылдардың түсіміне көктемгі қуаңшылық әсер етті.

Перейти к новостям спорта