Оңтүстік Қазақстан облысында 40 кеден қызметкері жұмыстан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 40 кеден қызметкері жұмыстан шығарылды

Оңтүстік Қазақстан облысында 40 кеден қызметкері жұмыстан шығарылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Кедендік басқармасында өткізілген аттестация қорытындысы бойынша 40 кеден қызметкері жұмыстан шығарылды. Барлығы 323 қызметкер аттестациядан өтсе, олардың 48-і екінші мәрте аттестациялануы тиіс. Бұл туралы KZ-today тілшісіне басқарма бастығы Ұлықбек Жаңабаев хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл аттестация кеден қызметкерлерінің ҚР Ата заңы, ҚР Қылмыстық және кедендік Кодекстері, «Еңбек туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» және басқа да кедендік мекемелердің іс-қызметін үйлестіруші құқықтық-нормативтік актілер жөніндегі біліктілік деңгейін паш етуге тиіс болатын.

Қызметкерлердің басым бөлігі жоғары нәтиже көрсеткенімен, 40 кеден қызметкері бұған дейін атқарып келген қызметіне лайық емес деп танылды. Олар білім және мәдениет деңгейі, кәсіби біліктілігі, талдаушылық қабілеті, сеніп тапсырылған жұмыс учаскесіндегі ахуалды лайықты бағалау қабілеті тәрізді іріктеу өлшемдеріне сай емес болып шықты.
Ұ.Жаңабаевтың пікірінше, бойкүйез қызметкерлерге қарсы қатаң шара қолдану- негізді, ондай селқос адамдардың орнын бірбеткей, бейтарап әрі білікті адамдар басады. Байқау негізінде жұмысқа жаңадан қабылданатын адамдарға қойылатын талап деңгейі өте жоғары : олардың адамгершілік келбеті мен өнегелілігіне баса назар аударылады, сондай-ақ, олар қызметтік міндетін бұлжытпай орындайтын, республикалық кеден қызметінің беделі мен абыройын асырушы, жұмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын, ҚР кедендік мекемелерінің лауазымды қызметкерлерінің ар-ұждан Кодексіне бағынатын адамдар болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар