Оңтүстік Қазақстан облысында 468 тәртіп сақшысының 281-і иемденген лауазымына лайық болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 468 тәртіп сақшысының 281-і иемденген лауазымына  лайық болып шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында 468 тәртіп сақшысының 281-і иемденген лауазымына лайық болып шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында учаскелік тәртіп сақшыларын аттестациялау шарасы аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ бастығының орынбасары Әлімхан Әбжанов хабарлады.

  • 13 Мамыр 2004
  • 408
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 468 тәртіп сақшысы жұмысқа жарамдылық аттестациясынан өтуі тиіс болатын. Олардың 457-сі аттестациядан өтіп, 281-і иемденген лауазымына лайықтығы анықталды. 139 тәртіп сақшысы аттестациядан қайтадан өтуге тиіс болса, 8 адамның лауазымы төмендетіліп, екі адам жұмыстан шығарылды. Небәрі 27 инспектор сыннан табысты өтіп, қызметі өсетіндердің резервіне қосылды.

Ә.Әбжановтың айтуынша, аттестация барысында ҚР Қылмыстық және Азаматтық Кодекстерін учаскелік инспекторлардың бәрі бірдей біле бермейтіндігі белгілі болды. Олардың көбісі тіпті қандай жағдайда қаруды пайдалану заңды, қандай жағдайда заңсыз дегеннен мүлдем бейхабар болумен бірге тіпті қаруды қалай қолдануды да білмейтін болып шыққан.
Ә.Әбжановтың хабарлағанындай, аттестациялау қорытындысына жергілікті тұрғындардың учаске инспекторларына берген мінездемесі де әсер еткен.