Оңтүстік Қазақстан облысында 56 әйел "Алтын алқамен" марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 56 әйел "Алтын алқамен" марапатталды

Оңтүстік Қазақстан облысында 56 әйел "Алтын алқамен" марапатталды

Бүгін, 27-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында 56 әйел "Алтын алқамен" марапатталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінен хабарлады.

  • 27 Сәуiр 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz

Әйелдерді марапаттау шарасы Шымкент қалалық әкімшілігінде өтті. Қала басшысы Ғалым Жұмжаев әйелдерге алқасын, куәліктері мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің мәліметі бойынша, 1-сәуірдегі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 4 -тен көп баласы бар 101897 әйел тұрып жатыр. Олардың 697-сі «Алтын алқа» медалімен, 3696-сы «Күміс алқамен» марапатталса, 3653 әйел батыр-ана деген атаққа ие.

Перейти к новостям спорта