Оңтүстік Қазақстан облысында 66 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 66 тұрғын үйді жылумен  қамтамасыз ету қалпына келтірілді

Оңтүстік Қазақстан облысында 66 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді

АСТАНА. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында апат салдарынан жылусыз қалған 126 тұрғын үйдің 66-ын жылумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 1 Наурыз 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

«1-наурыздың 6 сағатындағы жағдай бойынша 66 тұрғын үйге, соның ішінде он үш 2 қабатты коттеджге, төрт 4 — 5 қабатты үйлер мен отыз екі 2 — 3 қабатты үйлерге жылу берілді»,- деп хабарлады мекеме.

Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 29 апаттық бригада жұмылдырылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 25-ақпанда болған қатты желден К-54 қазандығына электр энергиясын беру үзіліп, соның салдарынан қазандық жұмысы тоқтап қалған болатын. Жылумен қамтамасыз ету жүйесінде кварталішілік жылу желілерінің кейбір бөліктері бірте-бірте қата бастаған. Апат салдарынан 126 тұрғын үй жылусыз қалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті