Оңтүстік Қазақстан облысында әкімшілік-аумақтық бөлініс жүйесі өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында әкімшілік-аумақтық бөлініс жүйесі өзгерді

Оңтүстік Қазақстан облысында әкімшілік-аумақтық бөлініс жүйесі өзгерді

Оңтүстік Қазақстан облысы жаңа әкімшілік-аумақтық аудандарға бөлінетін болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 1262
Фото - Caravan.kz

Айталық, Шымкентте қаланы Әл-Фараби, Еңбекші және Абай деген үш ауданға бөлу үрдісі қайта жаңғыртылады. Сарыағаш ауданы бұрынғыдай Сарыағаш және Келес аудандарына бөлінеді. Мақтаарал ауданы да жаңа бірліктерге бөлінбек. Бірақ әзірге олардың нақты саны белгісіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мақтаарал ауданы Жетісай, Мақтаарал және Киров тәрізді үш ауданды біріктіру арқылы құрылған.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, республика үкіметі жергілікті билікке тұрғындар саны 300 мың адамға жеткен жағдайда әкімшілік бірлікті бөлшектеуге өкілеттілік берген. «Жеке бюджеті бар нақты бір әкімшілік бірліктің болуы аймақ мұқтаждығын толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал егер бұл ауданның нақты қаржылық-әкімшілік құзыреті болмай, басқа ауданның құрамында болған жағдайда оны басымдық берілген аудан деп тану мүмкін болмаған болар еді»,- делінген осыған қатысты облыстық әкімшіліктің түсініктемесінде.