Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық деректері артты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық деректері артты

Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық деректері артты

ШЫМКЕНТ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында алаяқтық деректері артты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратураның тергеу басқармасының бастығы Амангелді Әлекешев хабарлады.

  • 10 Шiлде 2006
  • 525
Фото - Caravan.kz

“Былтыр осы топқа жататын қылмыстық істердің саны жалпы 7,4 процентті құрады,- деді А.Әлекешев. – Осы жылдың бірінші тоқсанында алаяқтардың белсенділігі арту оқиғасы тіркелді: осындай істердің саны жалпы көлемнің 8,9 процентіне дейін өсті. Әсіресе Ордабасы (36,8%), Сайрам (22,1%), Созақ (24,2%) аудандарында бұл деңгей жоғары”.

А.Әлекешевтің айтуынша, облыстық прокуратурадағылар 2005-жылы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында алаяқтарға қарсы қозғалған қылмыстық істерге талдау жасады. Барлығы 703 осындай қылмыс тіркелген. Алайда, А.Әлекешевтің айтуынша, осы топтағы істер бойынша зардап шеккендер саны әжептәуір көп. Талдау нәтижесі көрсеткендей, алаяқтықпен көбінесе жоғары білімі бар, еш жерде жұмыс істемейтін Қазақстан азаматтары шұғылданады. Олардың жас шамасы 30-дан жоғары. Былтыр алаяқ әйелдердің саны 39,9 процентті, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 44,3 процентті құраған. Алаяқтар арасында 11 мемлекеттік қызметкер, 3 лауазым иесі, 7 кәсіпкер анықталған. 14 адам осындай қылмысқа қайта барғаны үшін ұсталды.

“Алаяқтық оқиғаларына категориясына қарай талдау қорытындысы осындай деректердің зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуде көбірек тіркелетінін көрсетті”,- деді А.Әлекешев. Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, жер телімдерін бөлу, банк қызметкерлерінің шын мәнінде немесе жалған қатысуымен ипотекалық несиелендіруде делдалдық қызмет көрсету саласындағы алаяқтық деректері мен оның ауқымы арта түсуде. Жылжымайтын мүлік нысандарын нотариалдық конторалардың қатысуымен иеліктен шығаруға және шетелдерде жұмысқа орналастыруға қатысты жалған фирмалар құруға байланысты алаяқтық деректері көбейді. Сондай-ақ, бұл тізімге ірі көлемдегі ақшаны өсіммен қарызға алу деректерін де қосуға болады, деді А.Әлекешев.

Перейти к новостям спорта