Жарияланды: 430

Оңтүстік Қазақстан облысында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы құралдарды сатып жүрген ер адам ұсталды

Шымкент. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы құралдарды сатып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ҰҚКД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазығұрт ауданының тұрғыны жасырын аудио- және бейнежазба жасауға арналған үш қалам түріндегі арнаулы техникалық құралдарды заңсыз сату барысында ұсталды. Бұл құралдарды ол қылмыскер кейпін жасаған ҰҚКД қызметкеріне 135 мың теңгеге сатпақ болған", - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО ҰҚКД-нің тергеу басқармасы ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 143-бабының 3-тармағы (ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндіру, өткізу немесе сатып алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін