Оңтүстік Қазақстан облысында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы құралдарды сатып жүрген ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы құралдарды сатып жүрген ер адам ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы құралдарды сатып жүрген ер адам ұсталды

Шымкент. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы құралдарды сатып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ҰҚКД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Қазан 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Қазығұрт ауданының тұрғыны жасырын аудио- және бейнежазба жасауға арналған үш қалам түріндегі арнаулы техникалық құралдарды заңсыз сату барысында ұсталды. Бұл құралдарды ол қылмыскер кейпін жасаған ҰҚКД қызметкеріне 135 мың теңгеге сатпақ болған», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО ҰҚКД-нің тергеу басқармасы ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 143-бабының 3-тармағы (ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндіру, өткізу немесе сатып алу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар