Оңтүстік Қазақстан облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Оңтүстік Қазақстан облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі әуе көлігі бүгін Астана уақытымен кешкі 18-55 сағатта радардан жоғалып кеткен. Апат Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым қашықтықта орын алған.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 314
Фото - Caravan.kz

АН-72 жерге қонбақ болған сәтте 800 метр биіктіктен құлап түсіпті. Ұшақ ішінде экипаждың жеті мүшесі мен 20 әскери болған. Олардың қатарында Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбековте бар болып шықты. Полковник қоластындағы әскерилермен бірге Шымкент қаласындағы жиналысқа қатысу үшін Астанадан ұшып шыққан екен. Ал жаңа ғана келіп түскен мәліметтерге қарағанда ұшақта болғандардың барлығы түгел қаза тапқан.


Бауыржан Досов, куәгер:

— Мен үйге кіріп қолымды жуып жатқанмын. Ұшақ ауыл үстінен төмен биіктікте ұшып өтті. 4 секундттан кейін қатты дүмпу болды. Мен он бес минут бұрын апат болған жерде болып қайттым. Адамдардың мүрделері шашылып жатыр. Оқиға орнында алапат Өрт болып жатыр.

КТК тілшілері қазір оқиға орнында жұмыс істеуде.