Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері мүгедектен пара талап еткені үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері мүгедектен пара талап еткені үшін ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері мүгедектен пара талап еткені үшін ұсталды

ШЫМКЕНТ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедекке арба бергені үшін пара талап еткен аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті хабарлады.

  • 6 Ақпан 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының мәліметтерінше, Созақ аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкері мүгедек арбасын тегін алуға тиіс адамнан 20 мың теңге талап еткен. Мүгедек еркек қаржы полициясының көмегіне жүгінеді. Оның шағымы бойынша шұғыл топ құрылып, шенеунік әйелді өзінің жұмыс бөлмесінде пара алып жатқан сәтте ұстады.

Лауазым иесі тарапынан пара алу дерегі бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Онда 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Әйелден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті