Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкері ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкері ұсталды

Шымкент. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында аудандық қорғаныс істері бөлімінің 3-ші бөлімшесінің қызметкері ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Тамыз 2008
  • 519
Фото - Caravan.kz

«ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел тергеу тобы 5 тамызда подполковникті Атакент ауылында азаматтарды қабылдау бөлмесінде аталған аудан тұрғынының ұлына уақытша әскери билет бергені үшін 12 мың теңге алып жатқан сәтте ұстады», — делінген хабарламада.

43 жастағы подполковниктің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық жөніндегі 177-ші бабының «в» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар