Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары дәрігерлік профилактикалық байқаудан өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары дәрігерлік профилактикалық байқаудан өткізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары дәрігерлік профилактикалық байқаудан өткізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында көшпелі дәрігерлік топ екі жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен бала табатын жастағы әйелдер арасында аурулардың алдын алу мақсатындағы дәрігерлік тексеру өткізді. Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің төрайымы Нағима Жолдасованың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, дәрігерлер өз сапарын облыстың осынау ең шалғай ауданынан бастауды жөн көрген.

  • 20 Тамыз 2003
  • 431
Фото - Caravan.kz

Созақ ауданындағы дәрігерлік тексеруден өткен 11 мың адамға қатысты мәліметтерді әлі өңдеп үлгерген жоқ. Бұдан кейін дәрігерлер Отырар аударына бет түзейді.

Портативті медициналық жабдықпен жарақтанып, облыстағы ең маңдай алды дәрігерлерді қамтыған дәрігерлік көшпелі топ облыстың ең шалғай өлкелеріне дейін жетуді көздеп отыр. Ауруы айқындалған науқастар толыққанды тексеруден өткізу және емдеу мақсатымен облыстық ақыл-кеңес және диагностикалық орталықтарға жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар