Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 53 жастағы Өзбекстан азаматын Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларының барысында Ынтымақ кеден бекетінің жанында қолға түсірді. Тінту барысында тұтқыннан ақ ұнтағы бар пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысы бұл ұнтақтың героин екенін көрсеткен. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.