Оңтүстік Қазақстан облысында бір мектеп директоры пара алу үстінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында бір мектеп директоры пара алу үстінде ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында бір мектеп директоры пара алу үстінде ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында бір мектептің директоры пара алу үстінде ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қазан 2005
  • 428
Фото - Caravan.kz

Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы мектептің директоры осы мектепте істейтін мұғалімнен пара алып жатқан кезде қолға түсті. Қаржы полициясының хабарлауынша, директор өзінің қол астындағы мұғалімнен қосымша сағат қосып беру үшін 40 мың теңге пара талап еткен.
Осыдан кейін мұғалім құқық қорғау мекемелерінің көмегіне жүгінген. Парақор 15 мың теңге көлеміндегі арнайы белгі соғылған ақшаны алып жатқан кезде ұсталды.
Мектеп директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Пара алу жөніндегі» 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қаржы полициясының статистикасына сәйкес, Сайрам ауданындағы білім ошақтары еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың батпағына мейлінше батқан мекемелерге саналады. Облыстағы мектептерде тіркелген 167 сыбайлас жемқорлық қылмыстарының үштен бір бөлігі осы ауданның үлесіне тиеді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта