Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше елдімекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін су тазарту құрылғылары салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше елдімекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін  су тазарту құрылғылары  салына  бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше елдімекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін су тазарту құрылғылары салына бастады

ШЫМКЕНТ. 12 - маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Байдібек ауданында да бірнеше елдімекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін су тазарту құрылғылары салына бастады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Байдібек ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков хабарлады.

  • 12 Маусым 2007
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Кеше Қапшағай су бөгенінің су жинағышында Шаян аудан орталығы мен тағы үш елдімекенді тазаланған ауыз сумен қамтамасыз ететін су тазартқыш құрылғысын салу салтанатты түрде басталды»,- деді Ұ. Сәдібеков.

Әкімнің айтынша, су тазартқыш құрылғы осындай өнім өндіру саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын атақты француз фирмасынан сатып алынады. Жаңа су жинағыштың құрылысына облыстық бюджеттен барлығы 300 млн теңге және аудандық бюджеттен 25 млн теңге бөлінген.

«90-шы жылдардың басында бұл жерде суды хлормен өңдеп тазартатын құрылғы болған, бірақ уақыт өте келе ол жарамсыз болып қалған»,- деп түсіндірді Ұ. Сәдібеков. Оның айтуынша, өткен жылы қашықтығы 25 шақырымдық жаңа су құбырының желісі тартылған және жаңа құрылғыларды орнату Бәйдібек ауданы тұрғындарының басым бөлігін таза сумен қамсыздандырудың қорытынды кезеңі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті