Оңтүстік Қазақстан облысында Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы жалпы республикалық орташамен салыстырғанда жоғары болды - облыстық білім беру департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы жалпы республикалық орташамен салыстырғанда жоғары болды - облыстық білім беру департаменті

Оңтүстік Қазақстан облысында Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы жалпы республикалық орташамен салыстырғанда жоғары болды - облыстық білім беру департаменті

Оңтүстік Қазақстан облысында Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы жалпы республикалық орташамен салыстырғанда жоғары болды. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен кеңесте білім беру департаментінің төрайымы Сайлаукүл Барахова мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Маусым 2004
  • 859
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында 24 мың 874 түлек тест сынағынан өтуде. 160 түлек 100-ден жоғары, тестілеуге қатысушылардың 60,7 проценті 40-60 аралығында балл жинады. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 6 процентке артық болды. Жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін ең төменгі балл көрсеткішіне де қол жеткізе алмағандар 22 процентті құрап отыр. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 30 процент шамасында.

Әзірге облыс түлектері арасында бір бала ғана ең жоғарғы 120 балл жинады. Ол — №66 мектептің түлегі Мақсат Пернебаев. Бүгін, 25-маусымда облыста тест сынақтары аяқталады.