Оңтүстік Қазақстан облысында болған құйынның шығындары алдын-ала есеп бойынша 32 млн. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында болған құйынның шығындары алдын-ала есеп бойынша 32 млн. теңгені құрады

Оңтүстік Қазақстан облысында болған құйынның шығындары алдын-ала есеп бойынша 32 млн. теңгені құрады

Оңтүстік Қазақстан облысында 18-маусымда болған құйынның шығын көлемі алдын-ала 32 млн. теңгеге бағаланып отыр. Бұл туралы бүгін, 8-шілдеде KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті төрағасының орынбасары Бексейіт Дүйсебаев хабарлады.

  • 8 Шiлде 2005
  • 470
Фото - Caravan.kz

Б.Дүйсебаевтың айтуынша, бұл мәліметтер Шымкент, Төле би және Түлкібас аудандарынан басқа барлық аудандардан алынды. Аталған аудандарда есеп жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Алдын-ала мәлімет бойынша құйын салдарынан 129 мектеп, 5 кәсіптік-техникалық оқу орны, 12 аурухана мен емхана, 10 мәдениет сарайы, 15 клуб, 275 үй, 12 әкімшілік ғимараты мен 1 су қысымы мұнарасы бүлінген. Бұл ғимараттардың барлығының да шатыры жұлынып, терезе әйнектері мен таяныштары сынған. Сондай-ақ 125 электр бағаналары құлап, 59 электр қондырғылар мен 3 электротрансформаторға ақау келіп, 5,3 шақырым электр сымдары мен 80 метр кабель үзілген.
Аудандардан келген мәліметтерді облыстық комиссия қарап, төтенше жағдайлар жөніндегі арнаулы қордан қаржы бөлудің орындылығы туралы мәселені шешеді.

Перейти к новостям спорта