Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттен тыс қаржыға салынған мектеп пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттен тыс қаржыға салынған мектеп пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттен тыс қаржыға салынған мектеп пайдалануға берілді

ШЫМКЕНТ. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы Қызылкөл ауылында бюджеттен тыс қаржыға салынған мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2006
  • 568
Фото - Caravan.kz

200 бала дәріс алатын білім ордасы заман талабына сай материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Болат Жылқышиевтің айтуынша, «бұл — жеке кәсіпкердің қаражатына бой көтеріп, мемлекеттің иелігіне өткен тұңғыш білім шаңырағы» екенін атап өтті. «Бұған дейін республика бойынша бюджеттен тыс қаражатқа 3 мектеп салынған. Бірақ олар шетелдік инвесторлардың қаражатына бой көтерген»,- деді әкім.

Бүгін балаларды алғашқы қоңырауға жинаған мектеп ғимараты 6 айда бой көтерген, оны салуға Қайрат Беркімбаев есімді кәсіпкер 1 млн. 300 мың доллар жұмсаған.

«Бұл — құмға сіңген судай қаражат емес. Менің ауылдас іні-қарындастарым болашақта білімді азаматтарға айналып, заман тұтқасын ұстайтын, ел билейтін азаматтар болып өссе — қайтарым деген осы»,- дейді кәсіпкер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта