Оңтүстік Қазақстан облысында еңбек сабағында жарақат алған бір оқушы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында еңбек сабағында жарақат алған бір оқушы қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында еңбек сабағында жарақат алған бір оқушы қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында еңбек сабағында жарақат алған бір оқушы қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Наурыз 2005
  • 455
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 26-ақпанда Б.Момышұлы атындағы орта мектепте болды. Еңбек сабағы барысында «ТВ-4» станогын бекіткен құрылғы сынып кеткен. Соның салдарынан күлпарша болған металл сынықтары станокта жұмыс істеп отырған 9 сынып оқушысын жарақаттады. Іші, бет-аузы мен кеудесінен жараланған оқушы ауруханаға жеткізу барысында жолай қайтыс болды. Қазір тергеу жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта