Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі тасушыдан бір килограмнан аса героин тәркіленді
Шымкент. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында Өзбекстан азаматы болып табылатын есірткі тасушыдан бір килограмнан аса героин тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Көкнәр-2008" іс-шарасы барысында Атакент ауылының орталық базарында Өзбекстанның 35 жастағы азаматынан 1 килограмм 105 грамм героин оралған бума табылып тәркіленді. Ол өзіне 500 доллар беріп, есірткіні Қазақстанға жеткізіп беруді сұрағанын айтты. Есірткі тасушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін