Оңтүстік Қазақстан облысында іңгенді машинамен сауу әдісі ойлап табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында іңгенді машинамен сауу әдісі ойлап табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында іңгенді машинамен сауу әдісі ойлап табылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Оңтүстік-батыс ғылыми-өндірістік ауылшаруашылығы орталығы" РМК іңгенді машинамен сауу әдісін ойлап тапты. Бүгін, 13-шілдеде Орталыққа келген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиевке іңгендерді саууға арналған вакуумдық қондырғы көрсетілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2004
  • 688
Фото - Caravan.kz

Жалпы алғанда іңгендер машинамен саууға бейімделмеген. Алайда, орталық мамандары ойлап тауып құрастырған тәжірибелік қондырғы жақсы нәтиже бергендігімен жаңа. Сондай-ақ, малды машинамен саууға арналған өнеркәсіптік қондырғы түйе сүтін тасымалдамас бұрын консервілеуге мүмкіндік береді. Ал консервіленбеген шұбат тез ашып, ыдысты керіп кетеді. Сондай-ақ, орталық мамандары ойлап тапқан шұбатты консервілеу технологиясы өнімді үш айы бойы сақтауға жағдай жасайды.

Мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеу зертханасының меңгерушісі Аймырза Тасовтың хабарлауынша, өнеркәсіптік қондырғыны жасап шығару үшін 300 мың доллар қажет. Жұмсалған қаржы бес жылда өтеледі.
Облыс әкімі Болат Жылқышиевтің пікірінше, іңгенді машинамен сауу жобасы тиімді әрі пайдалы болғандықтан, инвесторлар қызығушылық танытуы тиіс.
Б.Жылқышиев пен «Оңтүстік-батыс ғылыми-өндірістік ауылшаруашылығы орталығы» РМК-ның директоры Әбдірахман Омбаев Орталық мамандары өздері жасап шығарған ғылыми жобалардың тізімін жасайды және ғалымдар жергілікті билікпен бірлесе отырып оларды өндіріске енгізумен шұғылданады деген келісімге келді.

Перейти к новостям спорта