Оңтүстік Қазақстан облысында іс-қызметіне тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында іс-қызметіне тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында іс-қызметіне тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының мүшесі 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында іс-қызметіне тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтарын таратушы 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Тасқымбаев хабарлады.

  • 28 Маусым 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

Сарыағаш аудандық №2 соты жуырда 27 жастағы Қайрат Азыбековты жалпы тәртіпті абақтыда жазасын өтеуге үкім шығарды.

«Хизб-ут-Тахрир» ұйымының белсенді мүшесі болған Қ.Азыбеков ұйым мен оның идеяларын насихаттайтын үнпарақтар мен кітаптар таратумен шұғылданған. Былтырғы жылдың сәуір және шілде айларында құқық қорғау мекемелерінің қолына екі мәрте түскен оған ескертулер берілді. Сол жылдың тамыз айында ол Сарыағаш ауданының Кирпичный ауылында тағы да ұсталды.
Қ.Азыбековтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол 2004-жылдың қараша айында сотқа жолданды. Ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп босатылған ол соттың екі отырысына қатысқаннан кейін ізін жасырып кетті. 2004-жылдың желтоқсан айында оған бүкіл республикалық іздеу жарияланды. Тәртіп сақшылары оны биылғы маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында ұстады.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты өршіту» туралы 164 бабының 2-тармағы, «Заңсыз қоғамдық бірлестіктер құру немесе олардың іс-қызметіне қатысу» туралы 337 -бабының 3-тармақтарына сәйкес айып тағылды.
Бұл — аталмыш ұйымға қатысы бар адамға облыста шығарылған биылғы алғашқы үкім. 2004-жылы мұнда ұйымның 10 белсенді мүшесі сотталды.

Перейти к новостям спорта