Оңтүстік Қазақстан облысында ит қапқан жас жігіт құтырмадан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ит қапқан жас жігіт құтырмадан көз жұмды

Оңтүстік Қазақстан облысында ит қапқан жас жігіт құтырмадан көз жұмды

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы құтырма дертіне қатысты қайғылы оқиға тіркелді. Жақында ғана шаңырақ көтерген Қазығұрт ауданының 25 жастағы тұрғынын ауылдағы туысының тойына барғанда ит қауып алған. Араға 1 жарым ай салғаннан кейін көз жұмған ол дерті әбден асқынғанша дәрігерге қаралмай жүре беріпті.

  • 19 Шiлде 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

25 жастағы Ерубай Асанов Қазығұрт аудандық ауруханасына жұқпалы құтырма дерті әбден асқынғанда келіп, араға апта салғанда көз жұмды. Сол кезде ғана туған-туыстары марқұмды сонау сәуір айында ауылда бесік той кезінде ит қауып алғанын естеріне түсіпті. Бірақ сол сәтте оған ешкім мән бермеген.

Ералқасым Түктібай, ОҚО Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығы:

-20-шы сәуірде Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылына келген. Сол жерде ағайын атасының иті тістеп алған. Ит белгілі. Бірақ ешкім мән бермеген. Сосын ол ит жоғалып кеткен. Ал бұл баланың оң балтырынан тістеген. Ешкімге айтпаған, медициналық көмекке жүгінбеген.

Дәл осылай адамды қапқан ит жоғалып кетсе немесе өліп қалса, бұл осы қауіпті құтырма дертінің белгісі дейді дәрігерлер. Мұндай жағдайда ит қапқан адам дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Осы жағдайдан кейін ақ халаттылар Қазығұртқа қарасты Қақпақ ауылында тексеру жұмыстарын бастады. Бұған дейін дәрігердің түрін көрмеген 32 адам бұрын әртүрлі жануар тістеп еді деп жаппай көмек сұрап келуде.


Ералқасым Түктібай, ОҚО Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығы:

-Осындай құтыру ауруы шыққанан кейін, ой мені есек тістеп еді, сиыр бүйтіп еді, сондай көп екен. Осы уақытқа дейін олар көрінбей келген. Құдай сақтасын деп жүре береді, бізді сол құдай сақтасын құртып жатыр.

Ал марқұм Ерубай Асанов жақында ғана шаңырақ көтерген екен. Айта кетсек, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында дәл осылай дәрігерге қарамай жүре берген 3 адам құтырма індетінен қаза тапты. Мақтарал ауданында бір әйелді көршісінің, Сарыағаш қаласында шекарашыны қызметтегі иті қауып алған. 

Соңғы жаңалықтар