тілшісіне сот төрағасының міндетін атқарушы Әбдіғаппар Бекназаров хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9-мамырда жеке меншік көлікті жалдап Тамерлановка ауылына бара жатқан Алматылық кәсіпкерді белгісіз екі адам қарумен қорқытып тонап кеткен. Осыдан екі күннен кейін ұрланған адам өз аяғымен полицияға келіп арыз жазып, өзін қамауда ұстаған жерді көрсетіп берді. Тәртіп сақшылары келгенге дейін қылмыскерлер іздерін жасырып үлгерген. Үйдің бақшасына жүргізілген тінту кезінде тәртіп сақшылары 7,62 калибрлі «АКСУ-74» автоматын 29 оғымен қоса, германияда жасалған RG-800 газ тапаншасын, Макаров тапаншасының үш бірдей бос оқшантайы мен 7,62 калибрлі 20 оқ тапты.
Бірнеше күннен кейін Ордабасы ауданының тұрғындары болып шыққан кісі тонаушы — Сейдахмет Жүнісов пен оның інісі Сәкен қолға түсті. Кісі ұрлығын тікелей жүзеге асырушылармен бірге олардың екі сыбайласы да сот алдына жауапқа шақырылды. Олардың бірі Нұрғали Әбиевке кәсіпкер 64 мың теңге берешек-міс делінсе, Сәкен Әбиев есімді екіншісі кісі тонаушыларға кәсіпкер туралы мәліметтерді берген.
26-тамызда сот С.Жүнісовты 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүлкін тәркіледі. Ол жазаны қатаң тәртіпті абақтыда өтейді. Оның інісі С.Жүнісов 7,5 жылға жалпы тәртіпті түрмеге қамалды. Ал Н.Әбиевке мүлкін тәркілетіп, 9 жылға жалпы режимді абақтыға жіберу жазасы жүктелді. Сәкен Әбиев 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Ә.Бекназаровтың айтуынша, сотталғандар 10 күн ішінде жоғарғы жаққа шағымдана алады.