Оңтүстік Қазақстан облысында кедей және көп балалы отбасыларға несие ретінде ұсақ мал таратыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында кедей және көп балалы отбасыларға несие ретінде ұсақ мал таратыла бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында кедей және көп балалы отбасыларға несие ретінде ұсақ мал таратыла бастады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау ауданындағы кедей және көп балалы 17 отбасына кедейлікпен күрес шаралары аясында 80-нен астам ұсақ мал несие ретінде таратылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Шiлде 2003
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бұл несие қозғалыссыз мүлікті кепілдікке қою арқылы өсімсіз берілуде.

Былтыр Кентауда 21 отбасына әрқайсысына 11 ұсақ малдан несие таратылған болатын. Облыстық әкімшіліктегілердің пайымдауынша, жалпы алғанда, тәжірибе ақталып, отбасылардың басым көпшілігі малды өсімге сақтап қалды. Атап айтсақ, Қарнақ ауылындағы бір отбасына берілген 5 малдан биыл 7 төл алынған. Екі жылдан кейін несиені қайтарып есеп айырысатын мерзім жеткенде қожайын өз қолында 30-дан астам түлік қалады деген сенімде. Несиелік мал — мал дәрігерінің қатаң бақылауында өсіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар