Оның айтуынша, 3-тамызға дейін созылатын шара барысында кедейлерді қолдау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық қорына құрмалдық жиналады. Шараның соңында телемарафон өткізіледі. Оның барысында азаматтар мен заңды тұлғалар жергілікті телестудиядағы тікелей эфир кезінде қайыр-құрмалдықтарын бере алады.
Қайырымдылық қорына бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің қызметкерлері үлес қосып, өздерінің бір күндік жалақысын аударды. Кедейлердің тауқыметін бөлісуден қарапайым азаматтар да қалыс қалмауда. Ж.Мәуленқұловтың айтуынша, «тіпті қорға бір айлық зейнетақысын аударған екі зейнеткер де табылды». Бүгінгі жағдаймен қорға 500 мың теңге аударылды.
Сонымен бірге шара барысында кедейлерге қайырымдылық көмекке қоса кепілдік жарна қоспай-ақ 50-60 мың теңге мөлшерінде жылдық шағын несие алу мүмкіндігі бар екенінен хабардар етіледі. Сонымен бірге қаржыға мұқтаж адамдар облыстық кедейлерге арналған қор арқылы арнаулы комиссияда өтініштері қаралғаннан кейін несиелік міндеттеме жүктемей-ақ 5 мың теңге мөлшерінде материалдық жәрдемақы ала алады.
2005-жылдың бірінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті қызметкерлерінің көмегімен жұмыссыз 8900 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 387 кедей отбасына көмек ретінде ірі қара мал беріліп, шаруалар 167 800 гектар жерді егіншілікке алды.
Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 15 мың азамат материалдық көмекке зәру.