Оңтүстік Қазақстан облысында кеденші мен тәртіп сақшысы пара алғаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында кеденші мен тәртіп сақшысы пара алғаны үшін ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденші мен тәртіп сақшысы пара алғаны үшін ұсталды

ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері бір кеденші мен тәртіп сақшысын пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Маусым 2004
  • 390
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 16-маусымда ҰҚК-нің облыстық департаментіне бір азамат арыз түсіріп, Арыс қалалық ІІБ-ның бір тергеушісі өзінен пара талап еткенін хабарлаған. Полиция қызметкері белгілі бір төлемге оның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша оңтайлы шешім шығарып беру туралы уәде берген.

18-маусымда ҰҚК-нің облыстық департаменті мен Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ ішкі қауіпсіздік басқармасының бірлескен шұғыл тергеу тобы тәртіп сақшысын Арыс қаласындағы дәмханалардың бірінде 15 мың теңге мөлшерінде пара алып жатқан жерінен қамауға алды. Бұл істі облыстық ішкі істер басқармасы тергеп жатыр.
Осыдан бір апта бұрын,- 9-маусымда ҰҚК-нің облыстық департаментіне тағы бір тұрғын шағымдана келді. Оның айтуынша, кедендік бақылау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің «Қапланбек» кеден бекетінің бас инспекторы аталмыш бекет аумағы арқылы Өзбекстаннан Қазақстанға күнделікті тұтыным тауарларын кедергісіз алып өту үшін пара талап еткен. Келесі күні ҰҚК-нің облыстық департаментінің шұғыл тергеу тобы «Қапланбек» кедендік бекетінің аумағында кеденшіні 350 доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. ҰҚК-нің облыстық департаментінің тергеу басқармасы оның үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің 311-ші бабы, 1-тармағы бойынша пара алу жөнінде қылмыстық іс қозғап тексеруде.