Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 671
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жуырда қаржы полициясына шағымданған бір жергілікті тұрғын қала әкімі одан жанармай тарату станциясын салуға арнап жер телімін бергені үшін ақша талап етіп отырғанын хабарлаған.

«Кеше қала әкімін қаржы полициясының қызметкерлері 4 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқанда ұстады. Пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды», — деді Ж. Мамытова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар