Оңтүстік Қазақстан облысында Кентауды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жел күшімен жұмыс істейтін екі генератор іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Кентауды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін  жел күшімен жұмыс істейтін екі генератор іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кентауды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жел күшімен жұмыс істейтін екі генератор іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кентауды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жел күшімен жұмыс істейтін екі генератор іске қосылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Оңтүстік жарық" АҚ-ынан хабарлады.

  • 20 Желтоқсан 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Бұл нысандарды пайдалануға беру жөніндегі салтанатты рәсім Үндістанның «NEPC India Limited» компаниясының басшылығы келгенше кейінге қалдырылып отыр. Өйткені, жел күшімен жұмыс істейтін генераторларды осы компания берген. Қондырғылар қазірдің өзінде жобалық режимде жұмыс істеуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, әрбіреуінің қуаты 250 киловатқа тең екі генератор салу туралы келісімге «Түркістанэнерго» АҚ мен Үндістанның «NEPC India Limited» компаниясы 2003-жылдың басында қол қойған. «NEPC India Limited» компаниясы құрал-жабдықтарды тегін берді. Келісімге қол қою туралы бастаманы Үндістан жағы көтерді. Жел күшімен жұмыс істейтін қондырғыларды желіге қосу үшін электр желісін тарту жұмыстарын Қазақстандық энергетиктер өз мойнына алды.
Кентауды электр қуатымен қамтамасыз ететін генераторларды салу жобасы пилотты жоба болып табылады. Жел генераторларымен электр қуатын өндіру экономикалық тұрғыда тиімді болып шыққан жағдайда облыста тағы да бірнеше қондырғы орнатылады. Мамандардың есептеуінше, жоба бес жылда өз-өзін өтейді.

Перейти к новостям спорта