А.Ниязов Абай ауылындағы базарда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының Ташкенттегі жарылыстар туралы мәлімдемесі жарияланған үнпарақтарды таратып жүрген жерінен биылғы жылдың сәуір айында қолға түскен. Оның үйінде жүргізілген тінту кезінде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының әдебиеттері мен діни араздыққа үндейтін үнпарақтар табылған. Осындай жағдайлардың барлығы да оған қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болды.
Сот мәжілісі барысында А.Ниязов діни алауыздық тудырғаны және заңсыз қоғамдық бірлестіктің жұмысына қатысқаны үшін айыпталды.
Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының мүшелеріне биылғы жылы шығарған сегізінші айыптау үкімі.