1-қазанда Шымкентте әскери және әкімшілік мекемелердің кеңесі өтіп, онда биылғы әскер қатарына шақыру науқанының тауқыметтері мен әскери комиссия құрамын қалыптастыру мәселелері сарапқа салынды. Бұл кеңесте облыста көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны ойдағыдай атқарылғаны айтылды. Ендігі жерде науқас жастардың әскерге шақырылу мүмкіндігіне жол бермеу үшін дәрігерлік комиссиялардың жұмысына баса назар аудару талабы қойылып отыр.
М.Темірбаевтың айтуынша, бұған дейін дәрігерлік комиссияларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі аяққа оралғы болатын, ал бүгінгі кеңесте атап көрсетілгеніндей, облыстық денсаулық сақтау департаменті әскери комиссияны 441 мың теңгенің медициналық жабдықтарымен қамтамасыз еткелі отыр.