Оңтүстік Қазақстан облысында күзгі әскер қатарына шақыру жұмыстарына дайындық басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында күзгі әскер қатарына шақыру жұмыстарына дайындық басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында күзгі әскер қатарына шақыру жұмыстарына дайындық басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл күзгі әскер қатарына шақыру науқанында 1500 жас ҚР Қарулы Күштеріндегі сапқа қосылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент қалалық әскери комитетінің бастығы Манат Темірбаев хабарлады. Бұл - Оңтүстік Қазақстан облысындағы әскер жасындағы бозбалалардың 10 процентін құрайды.

  • 1 Қазан 2003
  • 614
Фото - Caravan.kz

1-қазанда Шымкентте әскери және әкімшілік мекемелердің кеңесі өтіп, онда биылғы әскер қатарына шақыру науқанының тауқыметтері мен әскери комиссия құрамын қалыптастыру мәселелері сарапқа салынды. Бұл кеңесте облыста көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны ойдағыдай атқарылғаны айтылды. Ендігі жерде науқас жастардың әскерге шақырылу мүмкіндігіне жол бермеу үшін дәрігерлік комиссиялардың жұмысына баса назар аудару талабы қойылып отыр.

М.Темірбаевтың айтуынша, бұған дейін дәрігерлік комиссияларды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі аяққа оралғы болатын, ал бүгінгі кеңесте атап көрсетілгеніндей, облыстық денсаулық сақтау департаменті әскери комиссияны 441 мың теңгенің медициналық жабдықтарымен қамтамасыз еткелі отыр.

Соңғы жаңалықтар