Жарияланды: 500

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта тазарту зауытындағы өрт салдарынан 100 тонна мақта жанып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында "Контекс" ЖШС-не қарасты мақта тазарту зауытының дайын өнімдерге арналған қоймасында 1-ақпанда өрт шықты. Өрт 720 шаршы шақырым аумақты қамтыды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, өрт салдарынан 100 тонна мақта жанып кетті. Өрт себептері мен одан келген материалдық шығын көлемі есептелуде. Тілсіз жау 2-ақпанда 0 сағат 25 минутта ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмысына мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 100 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін