Оңтүстік Қазақстан облысында "Медицина саласындағы құқық пен тәртіп" акциясының нәтижесі қанағаттанарлықсыз деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында "Медицина саласындағы құқық пен тәртіп" акциясының нәтижесі қанағаттанарлықсыз деп танылды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Медицина саласындағы құқық пен тәртіп" акциясының нәтижесі қанағаттанарлықсыз деп танылды

Шымкент. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында "Медицина саласындағы құқық пен тәртіп" атты айлық акциясының барысында денсаулық сақтау басқармасына медициналық көмек сапасының нашарлығы жөнінде 90-ға жуық қоңырау келіп түскенімен, телефон соққандардың ішінен бірлі-жарымы ғана аты-жөндерін айтқан, басқалары жасырын қалуды жөн көрген, деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әнуарбек Маймақов.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 534
Фото - Caravan.kz

«Небәрі бес-алты адам ғана өз аттарын атады. Қалғандары жасырын қоңырау соқты. Қоңырау соққандар тіпті өздері шағымданған дәрігерлер мен медициналық мекемелерді атаудан бас тартты. Барлығы жасырып-жабады. Мұндай көзқараспен құқық пен тәртіпті қамтамасыз ете алмаспыз», -деді Ә. Маймақов.

«Мен кез-келген бопсалаушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге тырысатын боламын», — деп мәлімдеді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыстық әкімдікте таяуда өткен кеңесте облыс әкімі Нұрғали Әшімов медициналық мекемелердегі алым жинау дәстүрін қатаң сынға алған болатын.

«Кейінгі жылдары медицинаға қыруар қаржы жұмсалуда. Бірақ медициналық мекемелерде алым жинайды деген шағымдар тыйылар емес. Шымкентте де, аудандарда да ақша алады. Ақша көп жұмсалғанымен, сыбайлас жемқорлыққа тыйым болмай отыр. Ал сыбайлас жемқорлық бар жерде аурулар да қоса жүреді», — деді ОҚО әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар