Оның айтуынша, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын 2005-2010-жылдарға дейін дамыту және реформалау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 2006-жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысына арнап қосымша 2285 штат бөлу жайында шешім қабылданды. Н.Жолдасованың айтуынша, бұл — 400-дей дәрігер және 1,5 мыңдай мейірбикелер жұмысқа қабылданады деген сөз. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлінеді. Қызметкерлердің басым бөлігі ауылдық жерлерге жолданады.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 5840 дәрігер мен 14 971 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.