Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры пара алғаны үшін шартты мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры пара алғаны үшін шартты мерзімге сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры пара алғаны үшін шартты мерзімге сотталды

Шымкент. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында мектеп директоры пара алғаны үшін шартты мерзімге сотталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Тамыз 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы аудандық сотының үкімімен осы аудандағы «Шұбар» орта мектебінің директоры Сұлушаш Әбішева ҚР Қылмыстық кодексінің 331-бабының 1-тармағында қарастырылған пара алу жөніндегі қылмысты жасаған айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға шартты мерзімге сотталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қаржы полициясының қызметкерлері С.Әбішеваны 17 сәуірде жергілікті тұрғыннан оны осы мектепке есепшілік қызметке орналастырғаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар