Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағының іргетасы қаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік"  арнаулы экономикалық аймағының іргетасы қаланды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағының іргетасы қаланды

Бүгін, 18-шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймағы орналасатын жерде алғашқы кірпіш қаланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Шiлде 2005
  • 687
Фото - Caravan.kz

Экономикалық аймақтың іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Болат Жылқышиев қатысты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «»Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймағын құру туралы» жарлыққа 6-шілдеде қол қойды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сәулет және қала құрылысы департаменті директорының орынбасары Ахметжан Сәбденовтың айтуынша, мемлекет қаржысы есебінен жоба жасалып, аумақ қоршалып, кедендік қызмет, бақылау қызметі мен әкімшілік ғимараттар салынады. «Қалған нысандарды өндірістері осы жерде орналасатын инвесторлар салады»,- деді ол.
«Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймағын іске қосу нәтижесінде мақта-тоқыма кластері құрылады. Оған 500 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсалады деп күтілуде.
«Биыл облысқа мақтаның сапасын анықтауға арналған 7 зертхана сатып алынады. Тәжірибелік асыл тұқымды шаруашылықтардың жұмысына назар аударылып, олардың жұмысы ғылыми-зерттеу институттарымен интеграцияланады»,- деді Б.Жылқышиев.
«Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында 2015-жылдың 1-шілдесіне дейін жұмыс істейтін болады.
Арнаулы экономикалық аймақ құруда мақта өңдеуші жоғары технологиялық өндірістерді, тоқыма және тігін өнеркәсіптерін кешенді дамыту, сондай-ақ, Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіріктіруді пәрмендендіру мақсаты көзделген.
Арнаулы экономикалық аймақ аумағында еркін кедендік аймақ режимі жұмыс істейтін болады.
Арнаулы экономикалық аймақ құрып іске қосу — тоқыма өнеркәсібін одан әрі дамытуға, соның ішінде дайын өнімдер өндірісін дамытуға және атағы әлемге танымал тоқыма бұйым өндірушілерді елімізге тартып, өнімдер түрін арттыруға қолайлы жағдай жасайды. Арнаулы экономикалық аймақ Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге жалпы республика көлемінде тоқыма өнеркәсібі мен оған жанама өнеркәсіптердің дамуына септігін тигізбек.

Перейти к новостям спорта