Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылардың 77 пайызы оқу құралдарын тегін алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылардың 77 пайызы оқу құралдарын тегін алады

Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылардың 77 пайызы оқу құралдарын тегін алады

Шымкент. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылардың 77 пайызы оқу құралдарын тегін алады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық білім беру басқармасының бастығы Балқия Көмекбаева хабарлады.

  • 13 Тамыз 2008
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Үкімет жарлығы бойынша біз тек көп балалы отбасылардың балалары мен аса мұқтаж балаларды ғана оқу құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс болсақ та, биылғы жылы облысымызда оқушылардың 77 пайызы кітаптармен тегін қамтамасыз етілген. Біз жыл сайын оқу құралдарын сатып алуға көп қаражат жұмсаймыз, сол себепті біз осынша оқушыға кітап тарата аламыз», — деп хабарлады Б. Көмекбаева.

«Кітапқа байланысты жағдай жақсы. Білім және ғылым министрлігі мектептерде пайдалануға рұқсат етілген оқу құралдарының тізімін айтарлықтай кеш жарияласа да, біз уақытқа сыйыстыра отырып жалпы тапсырысты сәуір айында-ақ жасап қойдық. Сондықтан, қазіргі таңда құжаттардың 86 пайызы реттелген. Ал жақында кітаптар аудандарға жеткізіле бастады. 1 қыркүйекке дейін оны барлық мектептер алады», — деп атап көрсетті облыстық білім беру басқармасының кітапхана қоры жөніндегі бас маманы Айтгүл Сәулебаева.

Білім беру басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, облысқа 150 тонна оқу құралы жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар