Caravan Logo

Оңтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 қарашада сағат 18.58-де Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданы Қазақстан кентінің Қисабеков көшесінде аурухананың аумағындағы жеке тұрған бір қабатты ғимаратта шыққан 2 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды.

Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының көмегімен 19 сағат 31 минутта сөндірілді.