Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстандық есірткі тасымалдаушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстандық есірткі тасымалдаушы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстандық есірткі тасымалдаушы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер Өзбекстан азаматынан 800 грамм героин тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2003
  • 327
Фото - Caravan.kz

Есірткі тасымалдаушы «Абай» кедендік бекетінде ұсталды. Өзбекстаннан келе жатқан еркектің іс-әрекет, қимыл-қозғалысы күдік тудырған соң кеден қызметкерлері оның денесі мен дүниелерін толық тінтіп шығуға шешім қабылдайды. Соның нәтижесінде оның қолындағы полиэтилен дорбадан ақ түсті ұнтақ шықты. Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысы тәркіленген заттың героин екенін айғақтады. Тұтқынның айтуынша, бейтаныс біреулер есірткіні 20 мың өзбек сомына (10 өзбек сомы 1 теңгеге тең) Қазақстанға жеткізіп беруді өтініпті-міс.

Соңғы жаңалықтар