Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанмен шекарадағы екі аптаға созылған "Кеден тосқауылы" шарасы барысында заңсыз тасымалданған 150 тонна жүк әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанмен шекарадағы екі аптаға созылған "Кеден тосқауылы" шарасы барысында заңсыз тасымалданған 150 тонна жүк әшкереленді

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанмен шекарадағы екі аптаға созылған "Кеден тосқауылы" шарасы барысында заңсыз тасымалданған 150 тонна жүк әшкереленді

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанмен шекарадағы екі аптаға созылған "Кеден тосқауылы" шарасы барысында республиканың кедендік шекарасынан заңсыз өткен 73 көлік ұсталып, заңсыз тасымалданған 150 тонна жүк әшкереленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР кедендік бақылау агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Маусым 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Кеден тосқауылы» шарасының нәтижесінде 1 қылмыстық, 158 әкімшілік іс қозғалып, 550 мың теңгенің айыппұлы салынып, 1 млн. 847 мың теңгенің тауарлары тәркіленді. Сондай-ақ, 8 кило көкнәр сабандарының заңсыз айналымына қатысты дерек әшкереленді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тосқауыл шараларының жоспары бойынша 715 шақырымға созылып жатқан бүкіл кедендік шекара аумағы 5 аймақ, 10 бөлімшеге бөлінді. Шараға құқық қорғау мекемелері мен ҚР кедендік бақылау агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің 350-дей қызметкері мен мекеме басшылығы жұмылдырылды. Әрбір айналма жолдың бойы мен заңсыз өткелектердің жанына кедендік жасақтар шығарылды.
Тосқауыл шаралары кедендік рәсімделетін тауарлар түрін ұлғайтып, кедендік түсімдер мен алымдар мөлшерін арттыруды көздеді. Нәтижесінде заңсыз тасымалданатын тауарлар ағынын кедендік шекараға қарай бұруға жағдай жасалды. 15 күн ішінде жалпы салмағы 12 мың тонна, құны 1,4 млн. долларды құрайтын жеміс-көкөніс өнімдерін тиеген 2,5 мың автокөлік құралдары өтті. Республикалық бюджетке 32,7 млн. теңгенің пайдасы түсті.
Бұған дейінгі «Кеден тосқауылы -1» шарасы 2004-жылдың ақпан-наурыз айларында өткізілген. Ол кезде шараға ҚР кедендік бақылау агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің 100-дей қызметкері қатысқан. 20 күн ішінде жалпы салмағы 3,2 мың тонна, құны 449 мың долларды құрайтын жеміс-көкөніс өнімдерін тиеген 1240 автокөлік құралдары өтті. Республикалық бюджетке 13,5 млн. теңгенің пайдасы түсті.
Оң нәтижелерді ескерген ҚР кедендік бақылау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті осындай шараларды тұрақты негізде өткізіп тұрмақшы.

Перейти к новостям спорта