Жарияланды: 460

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен кеден қызметкері ұсталды

Шымкент. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел тергеу тобы Сарыағаш ауданында ОҚО кедендік бақылау департаментінің "Төле би" кеден бекетінің аға маманын қылмыс үстінде құрықтаы, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеден қызметінің майоры 13 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды. Ол осы ақшаны тауарды шекарадан кедендік рәсімдеусіз шығарып бергені үшін бопсалаған", -делінген хабарламада. ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы ұсталған кеденшінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2 тармағы бойынша (лауазым иесінің пара алуы) қылмыстық іс қозғады. Ұсталған ОҚО ҰҚКД -нің тергеу абақтысына қамалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть