Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен кеден қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен кеден қызметкері ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен кеден қызметкері ұсталды

Шымкент. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің жедел тергеу тобы Сарыағаш ауданында ОҚО кедендік бақылау департаментінің "Төле би" кеден бекетінің аға маманын қылмыс үстінде құрықтаы, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Қазан 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Кеден қызметінің майоры 13 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды. Ол осы ақшаны тауарды шекарадан кедендік рәсімдеусіз шығарып бергені үшін бопсалаған», -делінген хабарламада.

ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы ұсталған кеденшінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2 тармағы бойынша (лауазым иесінің пара алуы) қылмыстық іс қозғады. Ұсталған ОҚО ҰҚКД -нің тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар